Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі аяқталып, 22 ақпан -3 наурыз аралығында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілгелі отыр.
Осыған байланысты 18 ақпан күні «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау» орталығында онлайн форматта арнайы жиналыс өткізілді. Жиынға облысқа қарасты 16 ауданның білім бөлімінің және 11 мамандандырылған білім беру ұйымдарының, БИЛ-нің басшылары мен жауапты мамандары қатысты. Аудандық кезеңде кездескен кедергілер талқыланып, облыстық кезеңді жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. «Дарын»
РҒПО тарапынан берілген нұсқаулық презентация түрінде таныстырылды.
Қойылған сұрақтарға орталық директоры Э. Д. Асқарова жауап берді.
Тапсырмалар олимпиада басталған кезде алдын ала құрылған штабтарға бір уақытта жіберілетін болады. Орындалған тапсырмалар сканерленіп орталық сайтына жүктелгеннен кейін, шифрланып тексеруге жіберіледі.