Бүгін 19.05. 2021ж. күні Түркістан облысы әкімшілігінің конференция залында 2021 жылғы Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздарымен ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов онлайн режимде кездесу өткізді. Түркістан облысында әкім орынбасары С. Қалқамановтың қолдауымен кездесу-марапаттау салтанаты жалғасты. Марапаттау барысында республикалық кезеңнің 25 жеңімпазына ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың дипломдары және медальдары тапсырылды. Марапаттау онлайн режимде республиканың барлық өңірінде бір мезгілде өтті. Министр мырза кездесу барысында құттықтау сөз сөйлеп, барлық жеңімпаздарға сәттілік тіледі. Салтанатты құттықтаудан соң министр қатысушы оқушылармен сұхбат жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.Биылғы жылы 26-30 сәуірде жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадаға Түркістан облысынан 83 оқушы қатысқан болатын. Білім додасында 25 шәкірт жүлделі орындарға ие болып, облысымыздың абыройын асқақтатты. Пандемияға байланысты Олимпиада «Ustudy» орталықтарында «бір оқушы — бір компьютер — бір камера» қағидасы бойынша ұйымдастырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша облысымыздың шәкірттері үздік нәтиже көрсетіп, 7 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, облысымыздың 3 мектебі: КЕНТАУ БИЛ, ТҮЛКІБАС АУДАНЫ М. ЛОМОНОСОВ атындағы МЕКТЕП ГИНАЗИЯСЫ, ТӨЛЕБИ АУДАНЫ «АҚБАСТАУ» жалпы орта мектебі еліміздегі ең үздік 100 олимпиада мектебінің қатарына кірді.