❇️2024 жылы 17 қыркүйек Түркістан қаласы «Төлеби атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Махамбет оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті

❇️Махамбет оқуларының негізгі мақсаты — мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау; 

-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетарымдары мен сана — сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

❇️Байқау 5-номинация бойынша өтті: 

1️⃣ бағыт — «Ұлы арман» — Махамбет шығармаларын иллюстрациялық суреттер салу;

2️⃣ бағыт — «Ел құтқарар ер едім…» — Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы; 

3️⃣ бағыт — «Шашақты найза,шалқар күй» Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы;

4️⃣ бағыт — «Тартынбай сөйлер асылмын…» жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу;

5️⃣ бағыт — «Біз неткен ер,неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» — «Хандар мен ел билеушілер» тақырыбының бірін қорғау.