Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы, “Мемлекеттік мүлік туралы” 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
1. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” коммуналдық мекемесі құрылсын.
2. Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” коммуналдық мекемесінің Жарғысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. “Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы” мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
- Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” коммуналдық мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
- Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Түркістан облысының әкімдігі болып табылады.
- Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің атауы: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” коммуналдық мекемесі.
ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты жолдауында “Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындау керек” деп үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Елбасы қорының “Ел Үміті” таланттарды анықтауға және қолдауға арналған бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасын орындау аясында аймақтарда дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтарын ашу тапсырылған болатын. Сондықтан облыс әкімі Ө.Шөкеевтің 2020 жылдың 13-қаңтардағы №2 қаулысы негізінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” болып коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылған еді.